Грекияда орман өртінен мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді
Грекияда жүзден астам орман өрті тіркелді, деп хабарлайды 24kz.
Жалын шарпыған алқаптардан тараған түтін елді мекендерге жетіп, ондаған адам иіс тиіп ауруханаға түсті. Ірі өрт ошақтары Ахайя, Закинф, Кефалония және Хиос аралдарында тіркелген. Желден жалын тез тарап жатыр. Табиғи апаттан мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті сөндіруге 5 мыңға жуық маман мен 30-дан аса техника жұмылдырылған. Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі деп ескертті.