Қытай қодасты клондады

Қытай алғаш рет жабайы қодасты клондады.

Ғалымдар жасанды жолмен төл алу үшін соматикалық жасушаны пайдаланған. Донор ретінде сегіз мың жануардың ішінен ең ірі қодас таңдалды. Сөйтіп, әлемдегі клондау арқылы туған алғашқы қодас бұзауының салмағы – 16 келі 75 грамм. Енді қытай осы жоба арқылы Цинхай-Сизан таулы аймағындағы аң популяциясын дамытуды көздейді. Өйткені кейінгі 30 жылда қодас саны күрт азайған. Тұқымы құрып бара жатқандықтан екі жыл бұрын осы жоба қолға алынды.