Вашингтонда қауіпсіздік күшейтілді
АҚШ билігі Вашингтондағы қауіпсіздік деңгейіне алаңдаулы.
Соңғы жылдары ел астанасында ресми тіркелген қылмыстық істер саны күрт өсті. Осыған орай апта басында Трамп «Колумбия округінің өзін-өзі басқару туралы» заңын пайдаланып, Вашингтон полициясын тікелей президенттік бақылауға алды. Бұл заң 30 күн бойы тексеріс мүмкіндігін береді. Алайда бұл мерзімге АҚШ президенті қанағаттанбай отыр. Ол Конгрестегі Республикалық партия мүшелеріне бақылау мерзімін ұзартуды ұсынды. Трамптың айтуынша, құжат алдымен ел астанасында қолданылып, кейін басқа қалаларға үлгі бола алады. Егер Конгресс ұзартуды мақұлдамаса, президент ұлттық төтенше жағдай жариялап, мәселені өз қолына алатынын ескертті. Бұл мәлімдеме Кеннеди орталығында 2025 жылғы марапат иегерлерін жариялағаннан кейін айтылды.