Үндістанда су тасқынынан 32 адам опат болды
Үндістанның Кашмир қаласында төпелеп жауған жаңбырдан су тасып, лай көшті.
Соңғы деректерге сай, апаттан 32 адам қаза тапты. Тағы 50-ге жуық тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Құрбан болғандардың көпшілігі қатты жаңбырдан ең көп зардап шеккен қала маңындағы Чосити ауылының тұрғындары. Құтқарушылар 100-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Апат аймағына көмекке қосымша күштер жіберілді.