Қостанай өңірінің қысқа дайындығы қалай? Азамат Сабыржан

Қысы қытымыр, алты ай қар жамылып жататын теріскейде күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – жылыту маусымына дайындық.

Жергілікті әкімдер жұмысының да нәтижесі көрініп, сынға түсетін кезі – осы шақ. Сондықтан кез келген басшы күн жылысымен жарғақ құлағы жастыққа тимей қыстың қамын ойлауға міндетті. Жылыту маусымы ұзаққа созылатын өңірлердің бірі – Қостанай облысы. Өткен жылыту маусымында аймақтағы желілерде ірілі-ұсақты 200-ден астам апат тіркелді. Ал енді биылғы қысқа қамданыс қандай?

1. Қысқа дайындық қалай жүріп жатыр?

2. Былтыр облыста қолға алынған жобалар арқасында жылу көздерінің тозуы 2%-ке төмендеген екен. Биыл қандай жұмыстар атқарылды? Қазір тозу деңгейі қандай?

3. Біраз жыл бұрын Рудный қаласындағы жылу орталығында апат болғаны белгілі. Қазір Рудныйдағы жағдай қандай?

4. Жазға қарай өткен Үкімет отырыстарының бірінде Премьер-министр Арқалық жылу орталығындағы жұмыстар кешігіп жатқанын айтқан еді. Арқалық қыста қысылмай ма?

5. Маңызды мәселенің бірі отын қоры ғой. Отын жеткілікті ме?

Азамат Сабыржан, Қостанай облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.