Ресей делегациясы Аляскаға барды
Ресей делегациясы Аляскаға жетті, деп хабарлайды 24kz.
Оның құрамында Юрий Ушаков, Сергей Лавров, Андрей Белоусов, Антон Силуанов және Кирилл Дмитриев бар екені осыған дейін айтылған. Сонымен қатар делегация ішінде журналистер мен аудармашылар да бар. Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуі бүгін түнде Астана уақытымен 00:30-да басталады. Алғашқы бөлімде екі ел басшылары аудармашылардың қатысуымен жеке сөйлеседі. Ары қарай делегациялар арасында келіссөздер өтеді.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:
- Мән-жайды әзірге алдын ала болжау қиын. Десе де, өз ұстанымымыз мен өзіндік пікіріміз бар. Біз оны түсіндіруге тырысамыз. Бірқатар мәселе осыған дейін АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың ресми сапары кезінде талқыланды. Уиткофф Трамптың атынан сөз сөйлеген болатын. Енді екі тарап үшін маңызды жайттарды осы кездесу барысында жалғастырамыз деген ойдамын.
Ал, АҚШ делегациясының құрамында президент Дональд Трамппен бірге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ, Ақ үй басшысының арнайы өкілі Стив Уиткофф пен қаржы министрі Скотт Бессент бар.