Аляскада Путин мен Трамп бейнеленген кәдесыйлар саудасы қызды

Аляскада АҚШ пен Ресей арасында өтетін саммитке байланысты Дональд Трамп пен Владимир Путиннің бейнелері салынған кәдесыйларға сұраныс артқан, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, жейделер мен матрёшка қуыршақтарын сатып алушылар қатары көп. Коллекционерлер одағының президенті Валерий Архиповтың айтуынша, бұл кәдесыйлар тарихтағы айтулы оқиғалардың естелігі болып қалады.

Юлианна Игонина, сатушы:

- Соңғы оқиғаларға байланысты адамдар бұл кәдесыйларды жиі іздеп келетін болды. Ұлттық нақышта жасалған президенттердің бейнелері бар қуыршақтарға да сұраныс жоғары.