АҚШ-Ресей саммиті қарсаңында мұнай қымбаттады
Аляскада өтетін Трамп пен Путин саммитіне байланысты мұнай бағасы күрт көтерілді.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Brent маркалы мұнай фьючерстері 16 центке қымбаттады. Ал баррель бағасы 67 долларға жеткен. АҚШ-тың WTI мұнайы 14 центке өсіп, баррель 64 долларға көтерілді. Сарапшылар мұнай бағасының артуын АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ресейге қарсы ескертуімен байланыстырады.