АҚШ-Ресей кездесуі қарсаңындағы Аляска. LIVE
АҚШ-тың Анкоридж қаласындағы қарбалас енді қыза түсті.
Бірнеше сағат бұрын Вашингтоннан ұшып шыққан Дональд Трамптың ұшағы Аляскаға санаулы минуттарда келіп қонуы тиіс. Әлем назарын аударған кездесу Астана уақытымен түнгі 12 мен таңғы 5 аралығында өтеді деп жоспарланған.
Трамп Украина мен Ресей арасындағы қақтығысты реттеу үшін 8 айдан бері күш салуда. Саясаткер осы жолы, қандай, айла-амалын қолданбақ? Қақтығысты 24 сағатта тоқтамын деген сөзі тым болмағанда алдағы 24 сағатта іске аса ма?
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Дональд Трамп бұл жолы минуттарды қолданып мәлімдеме жасап жүр. Ол кездесудің алғашы екі-үш минутында АҚШ президенті ресейлік әріптесінің не қалайтынын біле қоям да солай шешім қабылдаймын деп отыр. Бұл қаншалықты мүмкін болары әзірге белгісіз. Жоспар бойынша қос саясаткер тек аудармашыларын ертіп, бетпе-бет кездесуге қатысады. Одан соң кеңейтілген құрамда жиын болады. Ұшақтың ішінде бүгінгі кездесуден Трамп не күтетінін былай деп баяндады.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
«Тасқа қашалғандай етіп, нақты ештеңені бекітпедік. Бәрі кездесу барысында шешіледі. Менің басты мақсатым атысты тоқтату. Бұл жерде Еуропа айтты екен деп іске кірісті деп қателеспеңіздер. Бұл менің жеке бастамам. Атыс бүгін тоқтаса тамаша болар еді. Бүгін тоқтамайды дейтіндер көп. Көңіліме қаяу түсіреді. Менің мақсатым атысты тоқтату. Біз бұл соғыста бұрынғыдай шығынға батпай, қайта ақша тауып отырмыз. Еуропа қаруымызды сатып алып жатыр. Бірақ менің алаңдататыны ақша емес, оқ атудың тоқтауы. Мыңдаған сарбаз жер жастанды ғой».
Осыған дейін Ақ үйде соғысты тоқтату жолында Украина мен Ресей жер алмасуы мүмкін деген мәлімдеме де айтылды. Бұл сөзін сарапшылар іліп әкетіп, солай болған жағдайда соғыс шынымен де тоқтауы мүмкін деген пікірді алға тартты.
Джон Болтон, Дональд Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі:
«Жер ауыстыру туралы сөз қозғағанда атысты тоқтату шарттары жайлы айтып отырмыз ба, әлде түпкілікті бейбіт келісімі туралы ма сөз қозғадық па? Соны ажыратып алу керек. Атысты тоқтату әртүрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Алайда дәл қазір атысты тоқтату – Украина үшін өте қауіпті. Әдетте атысты тоқтату келісімінде майдан шебін әскер қауіпсіздігі үшін сәл түзету ғана қарастырылады. Ал Трамптың айтып отырған жер алмасу жайлы сөздері – бұл түпкілікті бейбіт келісімге қол қоюды көздейтін қадамға көбірек ұқсайды. Бірақ оған тараптар мүлде дайын емес. Владимир Путин нақты не қалайтынын біледі, ал Трамп үшін бұл мәселеде таяздық бар. Оның бар қалауы «Мен келісім жасадым» деп айту. Ал қалған ұсақ-түйегін кейін оның төңірегіндегілер шешеді».