Аляскадағы АҚШ-Ресей саммиті аяқталды

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің Аляскадағы кездесуі ешбір келісімсіз аяқталды.

Тараптар: «Саммитте бірқатар мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік»,- деп қысқа ғана қайырды. 3 сағатқа созылған келіссөз нәтижесінде Алғашында 1-1 кездесу 3-3 форматына ауысып, АҚШ Президенті қасына Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофты, ал Кремль басшысы жанына Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен көмекшісі Юрий Ушаковты қосты. Бұл басқосудан соң тараптар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізуі тиіс болатын. Алайда түскі асқа да қарамай, екі ел басшысы бірден тілшілер алдына шығып, мәлімдеме жасады. Президент Трамп Трамп Зеленский мен НАТО елдеріне хабарласып, жағдайды мәлім ететінін айтты. Ал Кремль басшысы Владимир Путин Украинаны бауырлас халық деп, жағдайдың қазіргідей болғанына алаңдап, өкініш білдіріп, бейбітшілік жолында мүдделес екенін жеткізді.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Мен НАТО-ға және осы келіссөздің нәтижесін білуге тиіс деп санайтын адамдарға хабарласамын. Әрине Президент Зеленскиймен де сөйлесемін. Өйткені түпкілікті шешімді Украина билігі қабылдайды. Біз бұл текетіресті тезірек шешілгенін қалаймыз. Бүгін келісім жасалған жоқ, бірақ көп мәселеде ілгерлеушілік бар.

Владимир Путин, Ресей Президенті:

- Қазір айтқаным сіздерге оғаш естілуі мүмкін. Бірақ біз украиналықтарды  бауырлас халық деп санаймыз. Сондықтан бүгінгі жағдай біз үшін үлкен қасірет, әрі ауыр қайғы. Сол себепті еліміз бұл қарулы қақтығысты тоқтатуға мүдделі.

Путин Трампты Мәскеуге шақырды

Сондай-ақ Президент Трамп Владимир Путинмен алда тағы кездесуі мүмкін екенін айтқанда, Ресей Президенті іліп әкетіп, келесі кездесу Мәскеуде болсын деп қолқа салды. Алайда Америка басшысы бұған қатысты нақты жауабын бермеді. Десе де, осыған дейін Ақ үй әкімшілігі Трамптың Ресейге баруға қатысты жоспарын жариялаған еді.