В.Зеленский 18 тамызда Вашингтонға барады
Президент Дональд Трамп Украина басшысын АҚШ-қа шақырды, деп хабарлайды 24kz.
Олар 18 тамызда Вашингтонда кездесетін болды. Мұны Ақ үй басшысымен телефон арқылы сөйлескен Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол президент Трамппен Аляскадағы кездесуден соң хабарласқанын жеткізді. Екеуара әңгімеге 1 сағаттан кейін Еуропа елдерінің басшылары да қосылған. Дональд Трамп үшжақты, яғни, Ресей-Украина-АҚШ форматында саммит ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқан. Владимир Зеленский осы басқосудың алдында бітімнің талаптарын жіті талқылау үшін алдағы дүйсенбіде Вашингтонға баратынын мәлімдеді.