Еуропа Ресейге санкция салуды жалғастырады
Еуропа көшбасшылары Аляскадағы АҚШ-Ресей саммитінен кейін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24kz.
Құжатқа Франция, Финляндия, Италия, Ұлыбритания, Польша, Германия және Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен қол қойды. Олар Ақ үй басшысының Украина мәселесін реттеудегі рөлін жоғары бағалады. АҚШ-пен бірлесіп үш жақты саммит өткізуге дайын екенін жеткізді. Украинаның қауіпсіздігі ескеріліп, өз болашағын өзі айқындауы керек екені қайта айтылды. Бірақ Мәскеуге қарсы экономикалық қысымды одан әрі күшейтетінін ескертті.