АҚШ Газа тұрғындарына виза беруді тоқтатты
Ақ үй Газа тұрғындарына виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеді.
Шара толық әрі мұқият тексеріс жүргізу үшін қолға алынған. Өйткені өңірден визаға медициналық және гуманитарлық жағдаймен өтінім білдіргендер көбейген. Ресми дерекке сүйенсек, биыл ем алу мақсатымен Палестина автономиясының азаматтығы бар 3800 адамға виза берілген. Сондықтан Ақ үй әкімшілігі уақытша шектеу енгізген. Бірақ Америка-ислам қатынасы кеңесі шешімді қатаң айыптады. Ұйым шара Газадағы ауыр науқастарды АҚШ-қа келіп емделу мүмкіндігінен айырады.