Атлант мұхитында «Эрин» дауылынан тасқын қаупі күшейді

Атлант мұхитындағы «Эрин» дауылынан АҚШ пен тағы бірнеше елдің жағалауында орналасқан елді мекендерде су тасқыны қаупі күшейді, деп хабарлайды 24kz.

Дүлей жел Пуэрто-Риконы басып өтіп, бірқатар өңірді ойрандатып кетті. Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дауыл үйлердің шатырларын ұшырып, ағаштарды тамырымен құлатып, электр желілерін үзген. Кей аудандарды су басып жатыр. Қазір желдің екпіні сәл бәсеңдеген.

«Бірақ қайта күшейіп, АҚШ пен Канаданың бірқатар аумағында Багам және Бермуд аралдарында су тасқыны жүру қауіпі бар», - деп хабарлайды АҚШ Ұлттық дауыл орталығы.