Рязаньда қорғаныс саласы бағытындағы зауытта жарылыстан 23 адам қаза тапты

Ресейдің Рязань облысындағы қорғаныс зауытында жарылыс болып, 23 адам қаза тапты.

Тағы 100-ден аса кісі жарақат алды. Оқиға Лесной поселкесінде болды. Ресей Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, зауыттағы оқ-дәрі цехында өрт шыққан. Жарылыстан өндіріс ошағы қирап қалды. Қазір апаттың салдарымен күрес жалғасып жатыр. Оған 360-тан астам маман және 90 арнайы техника жұмылдырылған. Жергілікті билік 18 тамызды аймақта аза тұту күні деп жариялады.