Пуэрто-Рикода дауылдан 155 мың үй жарықсыз қалды
Пуэрто-Рикода «Эрин» дауылы соғып, 155 мыңнан астам үй жарықсыз қалды.
Сағатына 215 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел елдің оңтүстік жағалауындағы көп үйді қиратып кетті. Кей мекендерде тасқын жүріп, су басып жатыр. Электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарына жүздеген маман жұмылдырылған.