АҚШ-та 6 мың студенттің визасы жойылды

АҚШ-та мыңдаған студент білім алу мүмкіндігінен айырылды. 6 мың студенттің визасы жарамсыз болып қалған.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Ресми ақпарға қарағанда, құжатының жарамдылық мерзімі өткен. Сондай-ақ заң бұзған шет ел азаматтары АҚШ аумағында жүру құқығынан айырылды. Ұрлық-қарлық, мас күйінде көлік айдау, лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деген 4 мың студент елден шеттетілді. Сондай-ақ бірқатары Газадағы қақтығыс бойынша шерулерге шыққаны үшін айыпталды.