АҚШ, Ресей, Украина арасындағы үш жақты кездесу Будапештте өтуі мүмкін
Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі мәлімдеді.
Президент Дональд Трамп Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесіп, мән-жайды талқылаған. Трамп ел астанасын Ресей және Украина басшыларының кездесуін өткізуге ең қолайлы жер деп есептейді. Өйткені Виктор Орбанның Ресей басшысымен дипломатиялық қарым-қатынасы жақсы. Әрі бұл ел Ресей үшін халықаралық соттың айыптауларынан қауіпсіз орын болмақ. Ал Украина бұған келісе ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.