Абай туралы кітап жазған өзбек жазушысы

Өзбекстанның Наманган қаласында Абайдың  шығармашылығын зерттеп, бірнеше кітап жазған жазушы тұрады.

Исоқжон Нишонов  Қазақстанға, Абайдың туған жеріне бірнеше рет арнайы сапарлап келген.

Исоқжон Нишонов Абай өлеңдерін бала күнінен оқып өскен. Есейе келе ұлы ақынның шығармалары өзін ерекше баурап алғанын айтады.

Исоқжон Нишонов, жазушы:

- Абай менің ұғымымда халқты ілім - білімге жетелеген шамшырақ. Жұрттың көзін ашып, санасын оятуға барын салған, ұлт болашағы үшін тұтас ғұмырын арнаған қайраткер тұлға. 

Хакім Абайдың шығармашылығын, өмір жолын зерттеу үшін жазушы Абай еліне бірнеше рет сапарлаған. Көнекөз қариялармен жолығып, ұлы ақын жайлы көптеген құнды мәлімет алған. Сөйтіп, Абай жайлы бірнеше кітап жазып шығады. 

Исоқжон Нишонов, жазушы:

- Абайдың қара сөздерінің адамзат баласына берері өте мол. Әдеп, ұлттық намыс пен елін сүюге жетелеу сынды көптеген құнды дүниелерге тұнып тұр. Жас ұрпақ үшін де өнегесі мол. 

Жақында түрік бауырлар Абай өлеңдері мен дастандарын өз тіліне аударды. Сол жинақтың бірі менің де қолыма тиді дейді жазушы. Осы кітапты қолға алған түркиялық әріптесіміз де Абай өлеңдерін ерекше ықыласпен оқыды.

Ертұғрыл Топшы, журналист:

- Абай Құнанбайұлы жайлы өзбек тіліндегі «Миллат вижданы» кітабы жуырда бес бірдей тілге аударылып, баспадан қайта шыққалы жатыр.

Дулат Нуркин