Қытайда лай көшкінінен 4 адам опат болды
Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігінде лай көшіп, бүтін бір ауылды басып қалды, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан 4 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға таңға жуық жұрт шырт ұйқыда жатқанда болды. Нинъэр-Хани уезінде тоқтаусыз нөсер жауып, арты жойқын селге ұласқан. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу шаралары кезінде 11 жастағы бала табылды. Құтқарушылар жеткіншекті лай мен батпақтың ішінен аман алып шықты. Апат болған елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Авторы: Руслан Бақытбекұлы