БҰҰ әйелдерге арналған ЖИ мектебін ашты
БҰҰ әйелдерге арналған алғашқы жасанды интеллект мектебін ашты, деп хабарлайды 24kz.
Бағдарламаның жетекшісі Эмад Каримнің айтуынша, бүгінгі таңда әлемде жасанды зерде бойынша 130-дан астам ұлттық жоба бар. Оның 24-інде ғана гендерлік теңдік мәселесі қозғалған. Басты мақсат – әйелдер қоғамын біліммен, әрі жұмыспен қамтып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект негіздерімен қатар дизайн, коммуникация, экология және төтенше жағдайлардың алдын алу сияқты салалардағы қолданысын үйренеді. Сондай-ақ мектеп жыныстық кибербуллинг пен интернет алаяқтықтан қорғануды үйретпек.