Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Пәкістанда бірнеше аптадан бері жауын-шашын толастар емес.

Арты алапат тасқынға ұласып, 760 адам опат болды. Оның 186-сы бала. Тағы 990 адам ауыр жарақат алған. Өзендер арнасынан асып, өңірлерді су шайып жатыр. Әсіресе солтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарда ахуал күрделі. 4 мыңнан астам тұрғын үй қирап қалды. Ауылшаруашылық саласы мол шығынға батты. Қазір 30 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқын қаупінің жоғары болғаны соншалық, билік табиғи апатты "ақырзаман" деп сипаттады. Пәкістанда муссондық жауын-шашын маусымы маусым айының аяғында басталған болатын. Ауа райын болжаушылар қолайсыз күн райы қыркүйекке дейін созылады деп болжап отыр.