Ливанда ХАМАС жақтастарын қарусыздандыру жұмыстары басталды

Ливанда палестиналық қарулы топтар қару-жарақтарын билікке тапсыра бастады, деп хабарлайды 24kz.

The Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша Бейрут маңындағы босқындар лагерінде ХАМАС жасақтары бар екені белгілі. Сондықтан қарусыздандыру шарасы осы жерден басталған. Мамырда Ливан президенті мен Палестина ұлттық әкімшілігі басшысының жасаған келісіміне сәйкес бұл жұмыстар Бейруттен бөлек, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде де жүргізіледі. БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Ливанда 220 мыңнан аса палестиналық босқын бар.