Германияда дәрігер жетіспейді
Германияда дәрігер тапшы.
Мамандар алдағы жылдары жағдай мүлдем ушығуы мүмкін деп дабыл қағуда. Себебі медициналық университеттерде орын аз. Салдарынан жастар оқуға түсе алмай жүр. Бұл туралы Германияның Жоғары білім беруді дамыту орталығы хабарлады. Орталықтың зерттеуіне сүйенсек, биыл қысқы семестрге 30 мың жас өтініш қалдырған. Алайда олардың 10 мыңы ғана студент атанды. Мамандардың айтуынша, тапшылықтың алдын алу үшін университеттегі орын санын кем дегенде тағы 5 мыңға көбейту керек. Сондай-ақ оқу ақысы да қымбат. Германияның Федералдық статистика басқармасының мәліметі бойынша бір студентке жыл сайын жұмсалатын шығын 25 мың еуродан асады.