Канада АҚШ тауарларына салынған баж салығын алып тастайды

Канада АҚШ тауарларына салынған бірқатар кедендік баж салығын алып тастайды, деп хабарлайды 24kz.

Жаңа ереже қыркүйек айынан бастап күшіне енеді. Елдің премьер-министрі Марк Карнидің айтуынша, тек болат, алюминий және автокөліктерге 25%-тік тариф сақталады. Басқа өнімге баж салығы болмайды. Осы арқылы тараптар сауда, инвестиция және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келіссөздерді жалғастыруға ниетті. Ал бұған дейін АҚШ Канададан келетін барлық тауарға 35-тік тариф енгізген еді.