Испанияда орман өрті басылмай тұр

Пиреней түбегінде орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды 24kz.

Испанияның бірнеше аймағындағы орман қайта отқа оранды. Ақпарға қарағанда, Кастилия, Галисия және Астурия өңіріндегі ну алқаптарды жалын шарпыған. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тілсіз жаумен күреске ондаған бригада жұмылды. Тамыздың басынан бері 400 мың гектар алқап күлге айналды. Бұл – Лондон аумағынан екі есе көп.