Калифорнияда 3 мың гектар орман өртеніп кетті
Калифорнияда кейінгі бес күнде 3 мың гектар орман өртеніп кетті.
Әсіресе табиғи апаттан штаттың солтүстігіндегі Напа округі көп жапа шекті. Аймақтан 600-ге жуық адам шұғыл көшірілді. Тілсіз жаумен күреске мыңнан аса өрт сөндіруші мен әскерилер және 10 тікұшақ жұмылдырылған. Бірақ отқа оранған алқаптың 11%-ы ғана сөндірілген. Қазір өңірде сынап бағанасы +35 градусқа дейін жетеді. АҚШ аумағында биыл орман өрті көп тіркелуде. Жыл басынан 45 мыңға жуық оқиға болды.