Ресейде коронавирустың жаңа түрі тез тарап жатыр
Ресейде «Стратус» деп аталатын коронавирустың жаңа түрі жылдам тарап жатыр.
Бір тәулік ішінде 400-ге жуық адамнан індет белгілері анықталған. Оның жартысынан көбі Мәскеуде тіркелген. Сонымен қатар Магадан, Свердлов және Ленинград облыстарында да инфекция тез таралып жатыр. «Стратус» әсіресе егде жастағыларға, сондай-ақ өкпенің созылмалы дерті мен қатерлі ісігі бар адамдар үшін қауіпті. Бұл елде алғашқы жағдай 24 сәуірде тіркелген. Ал әлем бойынша алғашқы жағдай қаңтар айында Канадада анықталған еді. Вирустың басты симптомдары - жөтел, дауыстың қарлығуы, мұрынның бітелуі, шаршау және бас ауруы. Дәрігерлер вирустың жылдам жұғатынын, алайда көп жағдайда ауыр асқынуларға әкелмейтінін айтты.