Пәкістан Газаға 100 тонна азық-түлік жөнелтті

Пәкістан Газа секторына 100 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

Лахордан шыққан жүк құрамында ұн, дайын тағамдар, май, тосап және жеміс бар. Бұл Пәкістанның аймаққа 19-шы көмегі. Бұған дейін 2 тоннаға жуық жүк жеткізілген. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, секторда 15 мыңнан аса науқасты эвакуацияау қажет. Аштық пен ауызсу тапшылығы жағдайды одан бетер ушықтырып отыр.