Трамп Мэриленд штатына әскер кіргізуге ниетті
Президент Дональд Трамп Мэриленд штатына қылмыстың артуына байланысты әскер кіргізуді ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Аймақтағы Балтимор қаласы бүгінде елдегі ең қауіпті шаһардың біріне айналған. Ақ үй басшысы: «Жергілікті билік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан мұндай шара өте қажет», - дейді. Ол Лос-Анджелес пен Вашингтонда қолданылған тәжірибені қайталауға дайын екенін де жеткізді. Ал құқық қорғаушылар: «Бұл әрекет азаматтық бостандықты шектейді», - деп наразылық танытып жатыр.