Аризонада алапат дауыл көтерілді
АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласын кеше кешкісін муссондық дауыл шарпыды.
Шаң аралас жел көтеріліп, найзағай ойнап, қалада төтенше жағдай жарияланды. Әуежайда рейстер тоқтады. Ұлттық метеоқызмет мамандары өңірде бірнеше дауыл соғатынын ескертті. Болжам бойынша күннің көзі тек аптаның соңына қарай ашылады.