Татарстанда «Хан сұлтан. Алтын орда» операсы сахналанады

Татарстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы сахналанады.

Сахналық қойылым драматург Алмас Нүсіптің шығармасы желісімен жазылған. Қойылымда 250-ге жуық әртіс өнер көрсетеді. Одан бөлек, 16 тоннадан астам декорация жасалып, костюм тігілді. Көрініс Алтын Орданың құрылу тарихын баяндайды. Бас кейіпкер - Жошы ханның үшінші әйелі, Алтын Орда билеушілерінің бірі - Берке ханның анасы. Туындыны сахналауға түркітілдес елдердің ғылыми орталықтары мен ғалымдары елеулі үлес қосты. Тарихи драманың қоюшы режиссері - итальяндық Давиде Ливермор. Либреттоның авторы - Маралтай Ыбыраев.