Испанияда орман өрті: 16 өңірде төтенше жағдай жарияланды
Испанияда орман өртінен зиян шеккен 16 өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды.
Бұл туралы осы елдің Ішкі істер министрі Фернандо Гранде-Марласка мәлімдеді. Өрт Пиреней түбегінде ең ірі табиғат апатының біріне айналды. Елге көп шығын келген. Алдын ала болжам бойынша от 400 мың гектар орманды күлге айналдырған.