Бейжіңде тасқын қаупінен 60 мың тұрғын эвакуацияланды
Қытай астанасында су тасқыны қаупіне байланысты шамамен 60 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды 24kz.
Қатты нөсер салдарынан кей аудандарда тәулігіне 100 миллиметрден астам ылғал түсуі мүмкін. Бейжің метеорологиялық обсерваториясы қауіптің жоғары екенін жариялап, қала маңындағы бірнеше ауданға «қызыл» ескерту берді. Қатерге байланысты 350-ден астам су арнасы жабылып, жүзден аса туристік нысан мен құрылыс алаңдары уақытша жұмысын тоқтатты. Ал таулы аймақтарға ауыр техника мен дрондар жұмылдырылды. Апат салдарын жоюға 200 мыңға жуық маман тартылып отыр.