Трамп Еуропаға визалық шектеулер енгізетінін ескертті
АҚШ пен Еуроодақ арасында жаңа сауда кикілжіңі туындады, деп хабарлайды 24kz.
Жағдай ортақ аймақтың цифрлық қызмет көрсету заңнамасына байланысты шиеленісті. Құжат онлайн-платформалардан зиянды контентті жоюды және нарықтағы бәсекені әділ жүргізуді талап етеді. Вашингтонның пікірінше, бұл сөз еркіндігіне шектеп, америкалық IT-компанияларға қосымша ауыртпалық салады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Мәселе реттелмесе, Еуропаға визалық шектеулер қоятынын ескертті.
Ресми Бельгия болса айыптауларды негізсіз деп, цифрлық нарықты бақылауға толық құқықтары бар екенін алға тартып отыр.