ChatGPT нейрожелісіне ата-ана бақылауы функциясы орнатылады
ChatGPT нейрожелісіне ата-ана бақылауы функциясы орнатылады.
Тиісті шешімді америкалық OpenAI компаниясының басшылығы қабылдады. Бұған АҚШ-та 16 жастағы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауына нейрожелінің әсер етуі себеп. Ал жаңа тетік ата-анаға балалардың платформаны қалай пайдаланатынын қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оған сенімді тұлғаның байланыс номерін қосу қарастырылған. Еске салайық, осы айдың басында өз өзіне қол жұмсаған жеткіншектің ата-анасы OpenAI компаниясын сотқа берді. Олар нейрожелі жасөспірімнің суицид жасауына кінәлі деп санайды.