Мысыр Газа үшін қауіпсіздік күштерін даярлап жатыр
Мысыр Газаға 10 мыңға жуық палестиналықты жіберуге дайындап жатыр.
Олар қақтығыс аяқталғаннан кейін аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды. Кейін тағы 5 мың адамды оқыту жоспарланған. Алайда бұл бастамаға Израиль қарсы. Өйткені Тель-Авив мұндай күштерді ХАМАС-қа жақын деп санайды.