Газадағы қақтығыстан бір тәулікте 76 адам қаза тапты

Газа секторында әуе шабуылынан соңғы тәулікте 76 адам қаза тапты.

Тағы 300 тұрғын жарақат алған. Израиль армиясы түні бойы анклавтың солтүстік және оңтүстік аймақтарына, сондай-ақ Газа секторының шеткері аудандарын атқылады. Сондай-ақ тәулік ішінде аштықтан онға жуық адам көз жұмған. Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айынан Газа секторында 63 мыңға жуық адам қаза болды.