Кашмирде тасқыннан 34 адам опат болды
Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында да төпелеп жауған жаңбырдан сел жүріп, лай көшті.
34 адам опат болды. Тағы ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Мыңдаған адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өңірде мектептер мен жоғары оқу орындары уақытша жабылды. Бұған дейін су тасқыны 70-ке жуық адамның өмірін қиған еді. Синоптиктер жауын әлі де жалғасатынын ескертіп отыр.