Алжирде орман өрті өршіп тұр

Алжирде орман өрті өршіп тұр. Әсіресе елдің солтүстігіндегі Блида қаласында жағдай қиын.

Бұл аймақта 20 үй отқа оранған. Қазір құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Шарпыған жалынды тоқтатуға 8 әскери ұшақ жұмылдырылған. Мамандар қатты жел мен 35 градустан жоғары аптап ыстық жағдайды одан әрі қиындатып отыр дейді. Айта кетейік, Алжирдегі тілсіз жаумен күрес тамыздың 18-нен бері жалғасуда.