Әлемдегі ең биік көпір сынақтан өткізілді
Қытайда әлемдегі ең биік көпірдің құрылысы аяқталды. Темір конструкция Гуйчжоу провинциясындағы тау жолдарын байланыстырады.
Оның биіктігі 625 метр. Бұл шамамен 230 қабатты тұрғын үймен тең. Ал ұзындығы үш шақырымға жуықтайды. Қазір инженерлер пайдалануға бермес бұрын өткелдің беріктігін тексеріп жатыр. Ол үшін үстімен 96 жүк көлігін бір мезетте жүргізіп көрді. Нәтижесінде көпір 3 мың тоннадан астам салмаққа шыдас беріп, сынақтан сәтті өтті. Елдің оңтүстік батысындағы Хуацзян көпірі қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Лэй Минь, Хуацзян Гранд-Каньон сынақтан өткізу бригадасының инженері:
- Негізгі сынақ 5 күн бойы жүрді. Біз көпірге жобалық мүмкіндігіне сай салмақ салдық. Тіпті төтенше жағдайды қолдан жасап, 3360 тонна салмақ түсіріп көрдік. Осы арқылы екі жағындағы негізгі тіректер тексерілді. Сонымен қатар күнделікті қолданыста өткелді ұстап тұрған темір арқандардың беріктігі сынақтан сәтті өтті. Бұл үлкен жетістік.