Нидерланд Сыртқы істер министрі отставкаға кетті
Нидерландының саяси сахнасында көпшілік күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды 24kz.
Елдің Сыртқы істер министрі Каспар Велдкамп Израильдің Газадағы әскери операцияларына қатысты үкімет ұстанымымен келіспейтінін мәлімдеп, өз еркімен қызметінен кетті.
Велдкамптың айтуына қарағанда, Газа секторындағы әскери қимылдарға халықаралық реакция жеткіліксіз. Министр Нидерландтың әдеттегідей бейтарап позициясын қатаң сынға алып, санкциялар мен нақты шаралар қабылдамаған үкімет құрамында жұмыс істей алмайтынын жеткізді. Израиль тарапы Нидерланд министрінің мәлімдемесін «саяси популизм» деп бағалап, ресми түсініктеме беруден бас тартты.
Атап өту керек, Каспар Велдкамп 2011-2015 жылдар аралығында Нидерландының Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.