Израильдіктер Газа секторындағы әскери операцияны тоқтатуды талап етті
Израильде мыңдаған адам наразылық білдіріп, осы Газа секторындағы әскери операцияны тоқтатуды талап етті. Ереуілшілер тұтқындарды босату қажеттігін де айтуда.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесінің алдына жиылған жұрт шаһардың негізгі көшелерінің бірін жауып тастады. Олар биліктен тұтқындарды босату үшін ХАМАС-пен келісімге келуді сұрады. Қазір Газа секторында 53 израильдік тұтқында отыр. Олардың шамамен жартысы тірі болуы мүмкін. Алайда еврей билігі Газа секторында толықтай бақылау орнатпайынша, анклавтан әскерін шығаруға бейілді емес.