АҚШ Венесуэлаға әскери кемелерін жіберді

АҚШ Латын Америкасы мен Кариб теңізіне жеті әскери кеме мен мыңдаған теңізші жіберді, деп хабарлайды 24kz.

Вашингтон бұл қадамды есірткі картельдеріне қарсы операция деп түсіндірді. Жіберілген кемелер толықтай қаруланған, арасында сүңгуір қайық та бар.

Сарапшылар: «Мұндай ауқымды әскери күш тек есірткімен күрес үшін ғана емес, басқа да мақсаттарға бағытталуы мүмкін», - дейді. Венесуэла президенті Николас Мадуро бұған жауап ретінде халық жасақтарын шақырды. Ал көршілес Колумбияның президенті Густаво Петро әскери күш қажет болса, Венесуэланы қолдауы мүмкін екенін айтты. Бұған дейін Ақ үй Мадуроны заңсыз сайланған басшы деп атап, оны есірткі мафиясына қатысы бар деп айыптаған еді. Тиісті мәлімдеме аймақтағы ахуалды одан әрі ушықтырып жіберді.