Ұлыбританияда құрғақшылықтан жем-шөп жетіспей жатыр
Англияның батысындағы Котсуолд аймағындағы шаруалар қуаңшылықтан зиян шегіп отыр.
Биыл көктемде бір тамшы жаңбыр жаумады. Мұндай жағдай кейінгі 100 жылда болмаған еді. Жергілікті фермерлер малына былтыр қыстан қалған жем-шөпті беруге мәжбүр. Салдарынан шаруалардың бір аптадағы шығыны шамамен 1000 фунтқа көбейіп отыр. Былтыр елдегі сиыр еті өндірісі 4 млрд фунтқа бағаланған. Бүгінде британдық мал шаруашылығы үлкен дағдарыс алдында тұр. Қуаңшылық пен шығынның өсуінен фермерлердің табысы азайып, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп отыр.