Польшада F-16 әскери ұшағы құлады

Польшаның Радом қаласындағы әуежай маңына "F-16" жойғыш ұшағы құлап, ел армиясының офицері ажал құшты.

Қайғылы жағдай халықаралық авиашоуға дайындық кезінде орын алды. Биікке көтеріліп, төмен құлдилаған әуе көлігі отқа оранды. Апатқа техникалық ақау, ұшқыштың есінен танып қалуы немесе оның қателігі себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Тергеу басталып кетті. Авиашоуды ұйымдастырушылар осыдан кейін іс-шараны өткізбеу туралы шешім қабылдады. Халықаралық авиасалонда әлемнің 20 елінен 150 ұшақ көрсетілуге тиіс болатын.