Ресейде 25 вирусты анықтайтын тест-жүйе жасалды

Ресейде 25 респираторлық вирусты бір мезетте анықтайтын тест жүйесі жасалды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам саулығы саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің мәліметіне қарағанда, жаңа тест энтеровирус, аденовирус, тұмау және Ковид-19 штамы вирустарды дәл анықтайды. Бұл дәрігерлерге уақытты созбай диагноз қойып, қажет емді бастауға мүмкіндік береді, дейді орган өкілдері.