Пәкістандағы су тасқыны: зардап шеккендер саны миллионнан асты

Пәкістанның Пенджаб провинциясында жойқын тасқын 1600-ге жуық ауылды су астында қалдырды.

17 адам қаза тауып, бір миллионнан астам тұрғын зардап шекті. Бірнеше күн тоқтаусыз жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асқан. Ел билігінің мәліметінше, Үндістандағы су қоймаларынан жіберілген су жағдайды ушықтырып жіберген. Мыңдаған адам эвакуацияланды. Аймақта егін алқаптары, инфрақұрылым мен жеміс бақтарына зор залал келді.