Индонезиядағы наразылық кезінде 3 адам мерт болды

Индонезияда жалғасып жатқан жаппай наразылықтар адам өліміне әкелді.

Маккасар қаласында парламент ғимараты өртеніп, ішінен үш адамның денесі табылды. Тағы бес адам жарақат алды. Наразылықтар Жакартада басталған. Жиналғандар депутаттарға бөлінген тұрғын үй өтемақысына қарсы шықты. Халықтың ашу-ызасын қымбатшылық мен жұмыссыздық деңгейінің артуы одан сайын өршітті. Қазір елдің көптеген аймақтарында қақтығыстар жалғасуда. Құқық қорғау органдары жүздеген адамды қамауға алды.