Қазақ музыкасы жапон сахнасында шырқалды

Қазақы әуен жапон тұрғындарын баурап алды. «Бақсы» ансамблі Йокогама қаласында Конституция күніне арнап концерт берді.  

Өнерпаздар ұлттық аспаптарда танымал күйлер мен әндерді орындады. Ал әлемге әйгілі виолончелші Хитоми Ниикура қазақстандық әртістермен бірге «Балбырауын» күйін шертті.

Ортеке биі мен қазақтың көне ұлттық аспаптары. Мұндай өнерді жапон көрермені бұрын-соңды көрмеген. «Baksy» ансамблінің әртістері бірнеше ай бұрын Австрия мен Францияда дебют жасаған болатын. Этно-Трио  Еуропадағы қазақ диаспорасының өкілдерінен тұрады. Флейташы Айдана Мәдиар Венада тұрады, қобызшы Айгерім Ерсаинова-Шустер Францияда еңбек етеді. Ал Румыниядағы қандасымыз Алуа Тебенованың картиналары концерт барысында экранда көрсетілді.

Айдана Сәдияр, «Вaksy» ансамблінің негізін қалаушы:

- Өте қуаныштымын. Жапон елі бізді қошеметтеп қолдады. Осындай сахнада өнер көрсету арманым еді.

Қазақ музыкасы әлемге әйгілі виолончелші Хитоми Ниикураға қатты ұнап қалады. Екі жыл бұрын  домбыра үйренем деп  шешіпті. Қазірде ол бірнеше күй  шерте  алады.

Хитоми Ниикура, виолончелші:

- Домбыра арқылы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін таныдым. «Балбырауын» күйін бұрын естігенмін, өзім орындағым келді. Бұрын оны оркестрлік нұсқада білетінмін, бірақ бұл жолы Айдана мен басқа музыканттардың арқасында түпнұсқасымен таныстым.

Концерт соңында әртістер жапонның әйгілі «Фурусато» әнін орындады. Ал көрермен қазақ аспаптарында ойнауға мүмкіндік алды.

Кику, Йокогама қаласының тұрғыны:

- Бұл аспаптардың бәрін алғаш рет көріп тұрмын, сондықтан бәрі де өте қызық болып көрінді, ойнап көрдім.

Шуджи Уэхара, Йокогама қаласының тұрғыны:

- Қазақ музыкасын алғаш рет тыңдадым.  Өте керемет әсер қалдырды. Күйлер ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген. Мен Қазақстанға және оның тарихына бір қадам жақындағандай болдым.

Этно-трио сондай-ақ Осакадағы ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетті. Келер жылы «Baksy» Жапония мен Оңтүстік Кореяға гастрольдік сапармен  баруды жоспарлап отыр.

Владислав Цой, Ольга Лян, 24KZ